Бүгін: 08.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Балабақша туралы мәлімет

«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны туралы ақпараттық анықтама

1

Мектепке дейінгі ұйымның атауы

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«БАЛБӨБЕК» БӨБЕКЖАЙ- БАҚШАСЫ»  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

2

Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы)

Қазақстан Республикасы,  Жамбыл  облысы,Меркі ауданы,  Андас батыр ауылы ,Аспара көшесі №54А  

3

Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Телефон: 2-51-17

https://balbobek-andas.1-bilim.kz/kz/

4

Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)

МКҚК  «Балбөбек»  бөбекжай бақшасының  меңгерушісі: Текебаева гульнара ошакбаевна білімі жоғары , Жалпы еңбек өтілі 38 жыл, осы мекемеде 10 жыл,

5

Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 28.01.2021жылы өткен.   БИН-140740000390 алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 01.07.2014ж

Құрылған жылы

2014  жыл

7

Типтік ғимарат

Екі қабатты типтік

8

Топтар саны

6 топ

9

Балаларды оқыту тілі

Қазақ тілі

10

Жұмыс аптасының ұзақтығы

5 күндік

11

Ауысым саны

Тәрбиешілер:  І ауысым; ІІ ауысым

12

МДҰ – ның жобалық әлеуеті

Балабақша орны 140 балаға арналған

 

Балабақша  ғимараты ыңғайластырылған. Балабақша 140 орындық, 6 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін алты топ жұмыс жасайды

  1. «Балапан» кіші тобы – 20 тәрбиелешуші
  2. «Ботақан» кіші тобы – 20 тәрбиеленуші
  3. «Қошақан» ортаңғы топ – 25 тәрбиеленуші
  4. «Құлыншақ» ортаңғы топ – 25 тәрбиеленуші
  5. «Көгершін» ересек топ – 25 тәрбиеленуші
  6. «Қарлығаш» ересек топ – 25 тәрбиеленуші

Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, әкімшілік бөлмесі, медицина бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, кір жуу бөлмесі, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі пеш арқылы жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы»,  «Табиғат бұрышы», білім салалары бойынша заттық  дамытушы орталықтар жасақталған.