- 2243





- 2146
- 2116
- 2214
https://balbobek-andas.1-bilim.kz/kz/2-uncategorised.html?start=48#sigProId99278b55b1
"Бөбекжай-бақшадағы ECOLAB жобасының жүзеге асырылуы тақырыбында аудандық семинар-практикум ұйымдастырылып өткізілді.Семинардың мақсаты: Жобалау іс-әрекеті арқылы,тәрбиеленушілердің зерттеу,бақылау жұмысын жүзеге асыру.
Барысы: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде жүзеге асырылатын 10 ұлттық жобасының аясында «Жасыл Қазақстан – жасыл балабақшадан басталады»атты «ECOLAB»жобасын бекітті. Бұл жобада халқымызды алаңдатып отырған экологияның ластануы, суды үнемдеу және тиімді пайдалану, жерді көгалдандыру, энергияның тиімділігін арттыру, қоршаған ортану қорғау секілді бірқатар проблемалардың шешімін табу жолында іске асырылып жатқан ұлттық жоба.
«Тәрбие – тал бесіктен» демекші біздің «Балбөбек» бөбекжай-бақшамызда тәрбиеленушілерге табиғатқа деген сауатты мінез-құлықтарын қалыптастырып, айналамызға жауапты көзқарастарын қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіледі. Бөбекжай-бақшамызда «ECOLAB» жобасының аясында әр топта «Үздік табиғат бұрышы» сайысы ұйымдастырылды. Абайылдаева М.С, Акпанбетова Г.Б, Мукашева Г.С атты педагогтар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін іске асыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.Бөбекжай-бақша тәрбиеленушілері түрлі,қызықты,тиімді іс-әрекеттер арқылы бәсекеге қабілеттіліктері мен өз ойларын қызықты ойындар арқылы бақылау,зерттеу аймақтарында еркін түрде көрсете білді. Бақшамыздың кішкентай өнерлі жұлдыздары билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетті. Семинарда бөбекжай-бақшаның психолог- маманының тренин жұмысымен аяқталып,семинардың қорытынды бөлімінде: қатысқан педагогтар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп,өз ұсыныстарын білдірді.Аудандық білім бөлімінің әдіскері Майра Каналбаевна семинарға қатысушылардың пікірін тыңдап, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі өзгеріске тоқталып,педагогтарға деген талаптың күшейтілгендігін айтып өтті.Сонымен қатар өз іс-тәжірибесімен бөліскен бөбекжай-бақшаның педагогтарын сертификаттармен марапаттады.
https://balbobek-andas.1-bilim.kz/kz/2-uncategorised.html?start=48#sigProIdae738f1ce9
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы
