«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасыМеркі ауданының білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының базасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу – әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің 09.10.2023 жылғы № 01-06-279 хатына сәйкес Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының (ҚР Үкіметінің 28.03.2023ж. №249 қаулысы) 118 тармағына сәйкес Консультациялық пунктінің жоспары бекітіліп, жұмыс жүргізілуде.
Консультациялық пункт мақсаты:
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне баруға дайындық үстіндегі жанұяларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету. Бөбекжай-бақшаға келуші әр баланың бейімделуіне жағдай жасау . Ерте жастағы балаларға әлеуметтену сұрақтары бойынша жанұяларға көмек көрсету. Балалардың ата-аналарына тәрбие және білім алу жөніндегі консультативтік көмек көрсету.
Міндеттері:
- тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша балабақшаға бармайтын балалар мен олардың ата – аналарына психологиялық – педагогикалық көмек көрсету;
- мектепке дейінгі балаларға нәтижеге бағытталған жеке психологиялық және педагогикалық көмек көрсету;
- ата – аналар қоғамдастығының педагогикалық білімін арттыру мақсатында шаралар ұйымдастыру.
https://balbobek-andas.1-bilim.kz/kz/zhanaly-tar/205-konsultatsiyaly-punkt.html#sigProId14ef8dc553